Байқоңырда ресейлік шенеунік соққыға жығылды

Зымыранды күзетіп тұрған әскерилер. Байқоңыр, 10 қазан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңырда белгісіз біреулер қаланың өзін-өзі басқару жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Михаил Москалевті соққыға жығып кетті деп хабарлады Интерфакс агенттігі.

Агенттіктің айтуынша, наурыздың 16-сы күні үйінің маңында жәбір көрген Москалев қазір ауруханада. Москалев жуықта өткен Ресей президенті сайлауы кезінде аумақтық сайлау комиссиясын басқарған.

Байқоңырдағы қаланың өзін-өзі басқару жөніндегі қоғамдық кеңесі - Қазақстан мен Ресей арасында осы қала жөніндегі келісімге орай құрылған, қалалық дума тәрізді ұйым.

Байқоңырдағы Ресей полициясы оқиғаны тексеріп жатыр.