Оралда Жаңаөзен оқиғасына орай ас берілді

Жаңаөзендегі оқиға кезінде қаза тапқан адамдардың 100 күндігіне орай Оралда ас беріліп, Құран оқылды. 

Облыс орталығындағы кафелердің бірінде өткен шараға қатысқан 70-ке жуық адамның арасында түрлі ұйым, қозғалыстардың өкілдері болды.

Асқа келген азаматтар Жаңаөзенде 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқиғаға билікті айыптап сөйлеп, жауапты лауазым иелерін сотқа беруді талап етті.