Әбілев пен Қосанов Жаңаөзенге барды


Алматыдағы шеруге қатысқан guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева ЖСДП өкілдері Болат Әбілев пен Әміржан Қосановтың Жаңаөзенге түскі бірлер шамасында жеткенін хабарлады.

Ерғалиева олардың Жаңаөзен қаласына барған соң, әуелі ЖСДП Жаңаөзен қаласындағы бөлімшесінің белсендісі, қазір қамауда жатқан Естай Қарашаевтың үйіне кіріп-шығатындарын, одан кейін Жаңаөзен оқиғасында құрбан болған марқұмдардың үйлерін аралап, құран бағыштайтындарын айтты.