Пәкістан бен Ладеннің туыстарын 45 күнге қамады

"Әл-Қаиданың" бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладен.

Пәкістан соты дүйсенбіде "әл-Қаиданың" бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладеннің үш әйелі мен екі қызын "елде заңсыз тұрып келді" деп айыптап, 45 күнге қамады.

Әйелдердің қорғаушыларының айтуынша, сот билікке әйелдердің жаза мерзімі біткен соң оларды елден шығарып жіберуді де міндеттеген.

Усама бен Ладен бір жыл бұрын Пәкістан аумағында АҚШ арнаулы күштері жүргізген операция барысында қаза тапқан. Ол отбасымен бірге бірнеше жыл Исламабадтың маңында тұрып келген еді.