Ливия: Каддафидің ұлы елде сотталады

Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам.

Ливияның әділет министрі Әли Ашур бұрынғы президент Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламның Гаагадағы халықаралық сотқа берілмейтінін мәлімдеді.

Әли Ашурдың айтуынша, Каддафидің ұлы Ливияда ел заңдары бойынша коррупция, адам өлтіру және азаптауға қатысты сотталмақ.

Саиф әл-Исламды өткен жылдың соңында зинтан көтерілісшілері ұстап алған еді. Содан бері ол көтерілісшілер қолында тұтқында отыр.

Гаага соты бұған дейін Саиф әл-Исламды өзі соттауға хақы бар екенін мәлімдеп, Ливиядан оны қайтаруды сұраған болатын.

Өткен жылы жазда Гаага соты Муаммар Каддафи, Саиф әл-Ислам және бұрынғы қауіпсіздік қызметінің басшысы Абдулла әл-Сенуссиді тұтқындауға ордер берген болатын.