Сирияға БҰҰ бақылаушылары барды

Хомс қаласындағы ұрыстардан көкке көтерілген түтін. Сирия, 10 сәуір 2012 жыл.

Сирияға жексенбіде қақтығысты реттеу жоспарының орындалуын қадағалайтын БҰҰ-ның алты бақылаушысы келді. Алты адам - БҰҰ-ның Сирияға жіберетін 30 бақылаушысының алғашқы тобы. Бірақ осыған қарамастан жексенбіде Хомс қаласында атыс болды. Көтерілісшілердің Алеппо провинциясындағы полиция бекетіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат бар.

Мұның алдында ғана БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Сирияға 30 адамнан тұратын бақылаушылар тобын жіберуге шешім қабылдаған.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун жексенбіде Сирия үкіметін тағы да қақтығысты реттеу жоспарына мойынсұнуға шақырды. Ал Дамаск "Үкімет күштері тек көтерілісшілердің шабуылына жауап қайтарды" деп мәлімдеді.