Атырауда түрме бастығы қамалды

Атырауда УГ 157/10 қоныстану колониясының бастығы Бауыржан Дәулетәлиев екі айға қамалды. Бұл туралы дүйсенбіде қалалық сотқа сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

№2 қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дәулетәлиевке "сотталғандардан пара алды" деген айып тағылған.