НАТО: Ресей мен Қытай Ауғанстанға көмектесу керек

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, Бельгия, 19 сәуір 2012 жыл.

НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресей мен Қытайды халықаралық коалиция күштері Ауғанстаннан 2014 жылы шығарылғаннан соң ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаржылай көмек көрсетуге шақырды.

Брюссельде бейсенбіде НАТО-ға мүше елдер министрлерінің Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Осы жиында НАТО-ның бас хатшысы Ресейдің альянстың ұсынысына әлі жауап бермей жатқанын айтты. Расмуссеннің айтуынша, Кремль НАТО-ға Ресей теміржолы мен әуе кеңістігі арқылы, ресейлік ұшақтарды пайдаланып Ауғанстанға жүк жеткізетін жаңа маршрут ұсынған.

Кездесу барысында Лавров Ресейдің НАТО-ның Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қатысты жобасын қолдамайтынын айтты. Лавровтың сөзінше, жоба НАТО-ға қолайлы - АҚШ пен Ресей арасындағы күштің тепе-теңдігін бұзады.