Голландияда парламент сайлауы 12 қыркүйекте өтеді

Голландия ханшайымы Беатрикс.

Голландияда (Нидерланды) 12 қыркүйекте парламент сайлауы өтетін болды.

Голландия ханшайымы Беатрикс сәрсенбіде үкіметтің отставкасын қабылдап, сайлау өткізетін мерзімді белгіледі.

Премьер-министр Марк Рютте басқаратын үкімет дүйсенбіде Герт Вилдерс басқаратын Еркіндік партиясы коалиция мүшелерінің бюджет шығындарын 14 миллиард еуроға қысқарту туралы ұсынысын қолдамай қойған соң отставкаға кетуге өтініш тапсырған болатын.