Непалда ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты

Апатқа ұшыраған ұшақ. Көрнекі сурет.

Непалда дүйсенбіде бортында 21 жолаушы бар шағын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. 6 адам құтқарылған, оның екеуі - бала. Қалғандары іздестіріліп жатыр.

Ұшақ Домсом қаласының әуежайына жақын жерде алаңға қонатын кезде құлаған. Құрбан болғандардың төртеуі - Үндістан азаматтары, қалғандары - непалдықтар.

Домсом - елдегі туристер көп келетін аймақ.