Facebook акциясы 38,23 долларға бағаланды

Facebook-тің қор биржасына қатысқаны туралы хабарлама. Нью-Йорк, 18 мамыр 2012 жыл.

Нью-Йорк қор биржасында Facebook акцияларының бағасы алғашқы айтылған құнынан 23 цент қана қымбаттап, 38,23 доллар болды. Қазір Facebook-тің жалпы құны 105 миллиард долларға бағаланып, Amazon.com, "МакДональдс", Hewlett-Packard пен Cisco-ны басып озды.

Көптеген сарапшылар сауданың ақырғы нәтижесін зор жетістікке балаған жоқ. Кейбір мамандар "компания өзінің 900 миллион клиентінен қалай пайда көреді" деген сауал қояды.