Ауғанстанда зілзаладан 70 адам үйінді астында қалды

Құтқарушылар жер сілкінісінен қираған үйінді астынан адамдарды шығарып жатыр. 29 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанда дүйсенбіде болған жер сілкінісінен 70 адам қираған құрылыстардың астында қалды.

Дүйсенбіде Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан және Тахар уәлаяттарында қуаты 5,5 балл жер сілкінген болатын. Жер сілкінісінен Бағлан уәлаятының Дара Азара елді мекені көп зардап шеккен. Мұнда 22 үй қираған.

Кабулдағы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық бастығының айтуынша, үйінді астынан әзірге тек бір әйел ғана шығарылған. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр.