Египетте президент сайлауының алдын ала нәтижелері шықты

Египеттік христиан әйел президент сайлауында дауыс беріп тұр. Каир, 17 маусым 2012 жыл.

Египетте 16-17 маусымда өткен президент сайлауының соңғы кезеңінің алдын ала бейресми нәтижелері шықты. Ол бойынша "Мұсылман бауырлар" қозғалысының үміткері Мұхаммед Мурси сайлаушылардың 52,5 пайыз даусын жинаған. Оның қарсыласы, бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафик 47,5 пайыз алды. Бұл - елдегі сайлау учаскелеріндегі бюллетендердің 81 пайызын санағандағы нәтиже.

"Мұсылман бауырлар" саяси қанаты Еркіндік және әділет партиясының үміткері Мұхаммед Мурсиге - саналған 20 миллион сайлаушының 10,5 миллионы, Ахмед Шафикке 9,5 миллионы дауыс берген.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми нәтижесі тек 21 маусымда жарияланатынын айтады.