Қырғыз нөмірлі көлік иелері наразылық танытты

Your browser doesn’t support HTML5

Қырғыз нөмірлі көлікке байланысты наразылық

Алматыда Қырғызстан нөмірі бар көліктердің ондаған жүргізушісі қалалық ішкі істер департаментінің алдында тәркіленген көліктерін қайтаруды талап етіп, наразылық акциясын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жол полициясы бұған дейін бірнеше қырғыз нөмірлі көлікті тәркілеп алып кеткен. Алматылық жүргізуші Сырлыбаев Қанат көліктерін қайтаруды және ол көліктерінің Қазақстанда жүру-жүрмеу мәселесін шешуді талап етіп, бірнеше тиісті орынға барғандарын айтады.

"Бірақ мәселенің бәрі ішкі істер департаментіне келіп тіреле берді. Сондықтан осы жерге жиналып отырмыз" дейді ол.

Ішкі істер департаментінің өкілдерімен заңгер Сергей Уткин сөйлесті.