Назарбаев Ауғанстанға көмек орталығын Алматыда ашуды ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсететін орталығын Алматыда құруды ұсынды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы Астанада БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесуінде айтқан.

Назарбаев: "Бізге Ауғанстанда халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан соң қандай жағдай қалыптасатыны маңызды. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды оңалтып, бейбітшілік орнату процесіне қатысуға дайын. Осы тұрғыда біз Алматыда БҰҰ-ның арнайы орталығын ашуды жоспарлап отырмыз" деген.

Оның сөзіне қарағанда, орталық Орталық Азия елдерінің Ауғанстанға көмек көрсетуіне көмектеспек.

Ал Ян Кубиш Ауғанстанда тұрақтылық орнаса, бүкіл аймақтағы жағдай да жақсаратынын айтқан.