Испания футболдан Еуропа чемпионы атанды

Испания құрамасы ойыншыларының финалда Италия құрамасын ұтқаннан соңғы қуанышты сәті. Киев, 1 шілде 2012 жыл.

Испания құрамасы осымен екінші рет футболдан Еуропа чемпионы болды.

1 шілдеде Киевте финалда Италия құрамасымен ойнаған Испания құрамасы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Финалдық ойынның алғашқы голын 14-минутта Давид Сильва салды, 41-минутта Хорди Альба есепті 2:0-ге жеткізді. Бұдан кейінгі екі гол екінші таймда соғылды. 84-минутта Фернандо Торрес үшінші голды, 88-минутта Хуан Мата төртінші голды соқты.

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста финалдың үздік ойыншысы атанды.

Испания құрамасы бұған дейін 2008 жылы Еуропа, 2010 жылы әлем чемпионы атанған.