Ресейде су тасқынынан 53 адам опат болған

Су тасқыны сәтінен көрініс. Геленжик, Краснодар аймағы, Ресей. 7 шілде 2012 жыл.

Ресейдің Краснодар аймағында тасқын су салдарынан 53 адам көз жұмған. Аймақтық полиция басқармасының хабарлауынша, қаза болғандардың басым бөлігі – 42 адам – Қырым ауданында тіркелген. Полицияның бір қызметкері хабарсыз кеткен.

Тасқын аймағында 13 мыңға жуық үйді басқан тасқын су жолды шайып, байланыс үзіліп қалған. Кейбір елді мекендер қауіпсіздік мақсатында электр көзінен ажыратылған.

Апат салдарын жою үшін тасқын болған аймаққа Ресей төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары мен әскери қызметкерлер жұмылдырылғаны хабарланып отыр.