Ресей әскери кемелері Сирияға аттанды

Ресейдің "Адмирал Чабаненко" әскери кемесі. Көрнекі сурет.

Ресейлік бірнеше әскери кеме Жерорта теңізіне әскери жаттығу жасауға аттанып кетті. Солтүстік теңізі, Балтық және Қара теңіз флоттарының әскери кемелерінен құралған флотилия Сирияның Тартус қаласындағы Ресей әскери-теңіз базасына тоқтайды.

Сейсенбі күні Сирия жағалауына алдымен Баренц теңізіндегі Североморск портынан қайықтарға қарсы соғысатын "Адмирал Чабаненко" кемесі мен үш десанттық кеме аттанды. Одан соң Қара теңіздегі Севастополь қаласынан "Сметливый" эсминеці, Балтық теңізі флотына кіретін "Ярослав Мудрый" фрегаты шықты.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі "Вашингтон Ресей әскери-теңіз күштерінің бұл қимылынан оғаш ешнәрсе байқамайды" деп мәлімдеді.