Қазақстан БҰҰ өкілі бағасымен келіспейді

Алтай Абибуллаев, Қазақстанның СІМ өкілі. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) өкілі Алтай Абибуллаевтың айтуынша, БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нави Пиллэй өзіне қазақстандық ресми өкілдер табыс еткен жан-жақты құжаттарға қарамастан Жаңаөзен оқиғасына қатысты үкімет жұмысына біржақты баға берген. СІМ-нің мәлімдемесі 13 шілде күні жария етілді.

Нави Пиллэй бір күн бұрын Астанада өткізген баспасөз-мәслихатында Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыпталғандардың соты әділетті түрде өтпеді деп мәлімдеген еді.

СІМ өкілінің айтуынша, Қазақстанның құқық қорғау ұйымдары Жаңаөзен оқиғаларын тергеп-тексеру кезінде елдің заңнамасы бойынша әрекет еткен. "Объективті тексеру жүргізу үшін халықаралық, ең әуелі БҰҰ мамандары шақырылған болатын. Олар оқиға орнында болып, іспен танысқан" деді Абибуллаев.