ЕО-ның адам құқықтары жөніндегі уәкілі тағайындалды

Грекияның сыртқы істер министрі Ставрос Ламбринидис.

Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон Грекияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ставрос Ламбринидисті ЕО-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы уәкілі етіп тағайындады.

Бұған дейін осы қызметке Францияның адам құқықтары жөніндегі өкілі Франсуа Зимерай және Еуропа істері жөніндегі бұрынғы министрі Астрид Торс үміткер болған.