Филиппинде селден 15 адам қаза тапты

Су басқан көше. Көрнекі сурет.

Филипиннің астанасы Манила мен оның айналасында нөсер жаңбырдан сел жүріп, 15 адам қаза тапты. 250 мыңға тарта адам селден үйлерін тастап қашты.

Құтқарушылардың дерегінше, қаланың жартысынан астамы су астында қалған. Су қалаға жақын ірі су қоймасының бөгетін бұзуы мүмкін деген қауіп бар.

Синоптиктердің болжамынша, тропикалық Хайкуй дауылы айдап әкелген нөсер жауын жақын күндері де жаумақ.

Филипинн билігі селден зардап шеккендерге арнап лагерьлер ашуға кірісіп кетті.