Қазақстандық 100 турист Грекиядан қайта алмай отыр

Крит аралы.

Қазақстандық 100-ден астам турист Грекияның Крит аралынан өздеріне қызмет көрсететін ONTravel туристік операторының банкротқа ұшырауына байланысты елге орала алмай отыр деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Туристер агенттікке бұл туралы: "Біз Қазақстанға 13 тамызда ұшып келуіміз керек еді. Бірақ бізді апарған OnTravel операторы бізді далада қалдырды.Қазір Критте 100-ден астам турист қайта алмай отыр. Кейбір туристер өз ақшаларымен қайтып жатыр" дейді туристердің бірі.

Туристердің айтуына қарағанда, олар  туристік оператордың себебінен алғашқы келеңсіздіктерге Критке барған беттен тап болған.