Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына сапары барысында Бақтықожа Ізмұхамбетовті облыстың жаңа әкімі етіп тағайындады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.