Пәкістанда жанкешті 5 сарбазды мерт қылды

Кветта қаласының шетінде жарылған көлік қаңқасы жанында жүрген полиция қызметкері. Пәкістан, 28 маусым 2012 ж.

Бүгін таңертең Пәкістанның оңтүстік-шығысында орналасқан Белуджистан провинциясында болған жарылыс салдарынан Пәкістанның шекаралық корпусының бес әскери қызметкері қаза болған.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Кветта қаласының іргесіндегі бақылау-өткізу бекеті маңында автокөліктегі жанкешті жарылғыш затты іске қосқан.

Пәкістандағы ең мазасыз аймақтардың бірі саналатын Белуджистан провинциясында автономия болуды көксейтін сепаратистік топтар, тәлібтер мен өзге де қарулы бүлікшілер әрекет етеді.