Түркиядағы жарылыста қаза тапқандар 9-ға жетті

Түркия премьер-министрінің орынбасары Бесир Аталай.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп қаласында кеше болған жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті.

Премьер-министрдің орынбасары Бесир Аталайдың айтуынша, бүгін таңертең жараланған 12 жасар қыз ауруханада қайтыс болды. Құрбан болғандардың төртеуі - балалар.

Дүйсенбіде қаладағы полиция бекетінің маңында жарылыс болған еді. Одан алғашында 8 кісі қаза тауып, 70-ке тарта адам жараланған. Жарылыс болған жерде бірнеше көлік пен автобус жанып кетті.

Түркия билігі терактіні Күрд жұмысшы партиясының жауынгерлерінен көріп отыр. Ал партия өкілдері жарылысқа өздерінің еш қатысы жоғын мәлімдеді.