Астанада тікұшақ апатқа ұшырады

"Ми-17" әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет).

Бүгін таңертең Астана аэродромында "Ми-17" тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, қаза тапқандардың төртеуі де - экипаж мүшелері. Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ оқу-жаттығу жасауға ұшып шыққанда апат болған. 

Апат себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.