Өзбекстан президенті Қазақстанға келеді

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде. Астана, 15 маусым 2011 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 6-7 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келеді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бөрібай Жексембиннің айтуынша, "Алда болатын мемлекет басшыларының кездесуі екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан ары нығайтып, аймақтағы өзекті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік тудырады".

Ташкентте "Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа 20 жыл: өткені, бүгіні мен келешегі" атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.