Қытай шахтасындағы жарылыс құрбандары 37-ге жетті

Қытайлық құтқарушылар жарылыс болған шахтадан тірі қалған адамды шығарып жатыр. Хэйлунцзян провинциясы. (Көрнекі сурет).

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Сычуань провинциясында көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 37-ге жетті.

Құтқарушылардың айтуына қарағанда, жер астында әлі 10 адам бар. Жарылыс болған сәрсенбі күні шахтада 150-ден астам жұмысшы болған.

Қытай шахталарында жиі жарылыс болып, үнемі жұмысшылар қаза тауып жатады. Мамандар бұған коррупция, кәсіпорын иелерінің пайда ойлап, қауіпсіздік шараларын жасамауы себеп дейді.