Талдықорғанда Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуын бейнелейтін баннер. (Көрнекі сурет).

Талдықорғанда бұрынғы советтік Қазақстанның басшысы (1964-1986 жылдары) Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қонаевтың ескерткіші оның 100 жылдық мерейтойына арналып ашылды. Ескерткіш "Дінмұхамед Қонаев халықаралық қоры" қоғамдық қорының бастамасымен тұрғызылған. Ескерткіштің авторы - архитектор Қаби Баулықов. 

Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысовтың айтуынша, Алматы облысында Қонаевқа арналған үш ескерткіш бар. Олардың бірі бұған дейін Балқаш ауданында, екіншісі Қапшағай қаласында тұрғызылған.