Грекияда ресейлік туристер жол апатына ұшырады

Грекияда апатқа ұшыраған жолаушылар автобусы. 14 қыркүйек 2012 жыл.

Грекияда ресейлік туристер мінген автобус апатқа ұшырап, Ресейдің 4 азаматы қаза тапты. 30 турист жараланды, оның төртеуі - бала.

Ресей бас консулдығының ақпараты бойынша, автобус бүгін таңертең Салоникиден 20 шақырым жердегі Кардья елді мекенінің маңында аударылған. Автобустағы 49 ресейлік демалыс аймағынан Санкт-Петербург пен Самараға ұшу үшін әуежайға келе жатқан.

Алдын-ала белгілі болған деректерге қарағанда, жүргізуші жолдың қауіпті аймағында рульге ие бола алмай қалған.