Ерлан Ыдырысов сыртқы істер министрі болды

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі кезінде.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысовты сыртқы істер министрі етіп тағайындады. Бұл туралы бүгін президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау туралы жарлықта Ыдырысовтың АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босағаны айтылады.

Ал бұрынғы сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Ерлан Ыдырысов сыртқы істер министрлігін бұған дейін де басқарған.