Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жаттығуы басталды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің тулары.

Қазанның 8-і күні Қазақстанның «Іле» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы әскерлерінің жаттығуы басталды. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаттығу жеті мемлекет - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан туларын көтерумен басталған. Салтанатты жиында Қазақстан әскерінің десанттары мен әуе-мобильді жасағының оркестрі өнер көрсеткен. 

Ақпаратта жаттығудың 10 күнге созылатыны айтылған.