Құрбан айт 26 қазанда басталады

Астанадағы "Хазірет Сұлтан" мешіті. (Көрнекі сурет).

Мұсылмандардың құрбан айт мейрамы 26 қазанда басталады деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Дүниежүзілік Ай қозғалысын бақылау комитеті мұсылмандық жыл санау бойынша құрбан айт мейрамы биыл 26 қазанға тұспа-тұс келетінін хабарлады.

Құрбан айт үш күнге созылады. Қазақстанда құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып жарияланған.