Вице-министр: Қазақша Уикипедияның рейтингі өсті

"Қазақша Википедияның" алғашқы беті, скрин-шот. (Көрнекі сурет).

Уикипедия ашық энциклопедиясының қазақ тіліндегі нұсқасының рейтингі 127-орыннан 35-орынға көтерілді деп хабарлайды мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында сөйлеген Қырықбаев қазір Уикипедияның қазақ тіліндегі нұсқасының рейтингі 35-орынға көтерілгенін, биылдың өзінде порталға 100 мыңнан астам материал орналастырылғанын айтты.

Азаттық радиосы қазан айынан бастап қазақ тіліндегі Уикипедия ашық энциклопедиясын жетілдіруге және насихаттауға шақыратын жаңа жоба бастаған.