16 қазан - бүкіләлемдік азық-түлік күні

Дүкен сатушысының айтуынша, қымбаттамаған жалғыз азық-түлік түрі – нан. Жиі сатылатын нанның негізгі түрі 60 теңгеден. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.

Азық-түлік дүкенінің иесі Сананың айтуынша, сұйық май бағасы соңғы айда 30-40 теңгеге, ал ұн бағасы жаздан бері 100 теңгеге қымбаттаған.Алматы, 16 қазан 2012 жыл.

Көк базарда сатылып тұрған колбаса. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.

Көк базардағы жеміс-жидек қатары. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.

Жеміс-жидек бағасы әр жерде әртүрлі. Көк базарда жергілікті апорт алмасы 250-260 теңгеден сатылса, базардың сыртында 200 теңгеден тұр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.

Көк базар сыртында жеміс-жидек сатып тұрған әйел. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.

Шымкент – Түркістан жолының бойында сатуға қойылған қауын. 21 тамыз 2012 жыл.

Жол бойында сатылып тұрған бал. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, 28 тамыз 2012 жыл.

Жол бойында жеміс пен көкөніс сатып тұрған әйел. Оңтүстік Қазақстан , 26 тамыз 2012 жыл.