Алматыда метро қызметкерлері наразылық білдірді

Алматы метросы. (Көрнекі сурет).

Бүгін Алматы метросының бір топ қызметкері метроның Әуезов атындағы драма театры станциясының жанында наразылық танытты деп хабарлайды Total.kz сайты.

Наразылық танытушылар метро басшылығының жұмыстан "өз еріктерімен кетуге" мәжбүрлеп отырғанын, әйтпесе "еңбек заңы бойынша босатылатындарын" айтып қысым жасап отырғанын айтады.

Ал BNews.kz агенттігіне осыған орай түсінік берген "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері Айдын Оразханов наразылық шарасын кадрлық тексеруден өтпей қалған қызметкердің ұйымдастырғанын айтады. Оның айтуынша, наразылық шарасы кезінде метроның барлық торабы қызмет жасап тұрған.