Иванишвилиді премьерлікке ұсынды

Грузия президенті Михаил Саакашвили мен оппозициялық блог жетекшісі Бидзина Иванишвили.

Грузия президенті Михаил Саакашвили парламент сайлауында жеңіске жеткен оппозициялық "Грузия арманы" блогының жетекшісі Бидзина Иванишвилиді премьер-министр қызметіне ұсынды.

Президенттің баспасөз қызметінің хатшысы Манан Манджгаладзенің айтуынша, Иванишвилиге үкімет құрамын жасақтауға 10 күн берілген.

56 жастағы Иванишвили үкіметтің жаңа құрамын 16 қазанда таныстырған.