7 мамыр мемлекеттік мереке болып белгіленді

Қазақстанда 7 мамыр мемлекеттік мереке - отан қорғаушылар күні болып бекітілді.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамырды мемлекеттік мереке ету жөнінде "Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы" заңға қол қойған.

7 мамыр бұған дейін кәсіби мереке ретінде аталып келді.