Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын жалғастырды

Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Зауыт 6 қазанда катализдік риформинг қондырғысында болған апаттан соң АИ-80 маркалы және жоғары октанды бензин шығаруды толықтай тоқтатқан еді.

Мұнай өңдеу зауыты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қондырғы іске қосылып, жеңіл режимде жұмыс істеп тұр.