Ақтауда серб компаниясы жұмысшылары наразылық танытты

Бүгін Ақтауда Сербияның"Энергопроект-Високоградная" құрылыс компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты деп хабарлады жергілікті "Лада" газеті өзінің веб-сайтында. Жұмысшылар жалақының кешіккеніне наразылық танытқан.

Ал компания өкілі жұмысшылардың ереуілге шықпағанын, оларға жалақы төлеу тек жеті күнге ғана кешіктірілгенін айтты.

Басылым компания басшылығының қазір Еуропада жүргенін жазады.