Қырғызстанмен шекарада жаңа 7 застава ашылады

Алматы облысы Үшарал қаласындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің заставасы. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысында жыл соңына дейін Қырғызстанмен шекарада жаңа жеті шекара заставасы ашылады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Тараз шекара отряды бастығының орынбасары Бақтияр Арзиевтің сөзіне қарағанда, заставалар Жуалы, Жамбыл және Мерке аудандарындағы қазақ-қырғыз шекарасында орналасады.

Арзиевтің айтуынша, заставалардың құрылысы Кеден Одағының шекарасын нығайту шеңберінде жүргізіледі.