Тәжікстан мен Өзбекстан басшылары телефонмен сөйлесті

Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Бүгін Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері Эмомали Рахмон мен Ислам Каримов телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел басшылары өзара әңгімеде тәжік-өзбек дипломатиялық қарым-қатынасы орнағанына 20 жыл орнағанына орай бір-бірін құттықтап, екі ел байланысының барынша жақсаратынына үміт артты.

Тәжікстан мен Өзбекстан басшылары бір-бірімен қырғи-қабақ болғандықтан телефонмен тілдесуіне назар аударуға болады. Душанбе мен Ташкенттің қарым-қатынасы су және энергетикалық ресурстар, транзиттік жүк тасымалы сияқты бірқатар мәселелерге байланысты шиеленісті күйінде қалып отыр.