Шымкент түбінде атыс болды деп хабарланды

Шымкент маңындағы ауылдардың бірінде болған атыс кезінде 15 адам жараланып, бір адам қаза тапты.

Бұл туралы «Интерфакс Казахстан» агенттігі қазанның 29-ы күні кешкісін қаладағы Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, Забадам ауылында атыс болып жатқаны туралы хабар полицияға дүйсенбі күні Астана уақытысымен үш жарымда келіп түскен. Оқиғаға байланысты үш адам ұсталған. Атыстың себебі әзірше белгісіз.

Жараланған кем дегенде 17 адам ауруханаларға жеткізілген.

Жергілікті Отырар телеарнасының сайты жанжалға Ворошиловка ауылының да тұрғындары қатысқан деп жазады. Сайттың хабарлауынша, төбелес кезінде адамдар бір-біріне пышақ тәрізді суық қару жұмсаған.