Украинаның экс-премьері АҚШ түрмесінен шықты

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Павел Лазаренко.

Украинаның АҚШ түрмесінде отырған бұрынғы премьер-министрі Павел Лазаренко босатылды. Экс-премьер Калифорниядағы түрмеде сегіз жылдан астам уақыт отырған.

Лазаренко премьерлік қызметін 1996-1997 жылдары атқарған. Ол 1999 жылы АҚШ-қа кетіп қалған. 2004 жылы оған "қаржы жымқырды, алаяқтық жасады және бопсалады" деген айып тағылды. Лазаренко - Украинада сотталған экс-премьер Юлия Тимошенконың серіктесі. Оған Украинада бірнеше атышулы қылмыстарға қатысы бар деген айыппен іздеу жарияланған.   

Лазаренконың адвокаты Дэвид Горовец оның отанына оралған жағдайда өзіне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайтынын айтады.