Байқоңырдан «Протон-М» ұшырылды

«Протон-М» зымыран тасығышының Байқоңырдан ғарышқа ұшқан сәті. Көрнекі сурет.

Бүгін Астана уақытымен 03 сағат 04 минутте Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, «Протон-М» зымыран тасығышы «Луч-5Б» және «Ямал300К» аппараттарын ғарышқа алып ұшқан.

Зымыран тасығышты ұшыру жоспарға сай өтті деп хабарланды.