Түркияда тікұшақ апатынан 17 адам мерт болды

Көрнекі сурет.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы таулы аймағында бүгін тікұшақ апатынан 17 әскери қызметкердің қаза болғаны туралы түрік ақпарат құралдары хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы әсер еткен.

Әйткенмен билік бұл апатқа басқадай жағдайлардың себеп болған-болмағанын тексеріп жатыр деп хабарланды.