Далай Лама Жапония заңгерлеріне жүгінді

Тибеттің қуғындағы діни жетекшісі Далай Лама. АҚШ, 18 ақпан 2010 жыл.

Тибеттің қуғындағы діни жетекшісі Далай Лама жапониялық құқық қорғаушыларын тибеттіктердің өз-өзін өртеу оқиғаларына тергеу жүргізуге шақырды.

Далай Лама мұны 130-ға тарта жапониялық депуттар мен оппозициялық саясаткерлер алдында айтты. Ол Қытай үкіметін "тибеттіктердің өз-өзін өртеу оқиғаларын тексерудің орнына өзін айыптауға құмар" деп сынады.

Тибетте соңғы алты күнде сегіз адам өз-өзін өртеген. Оның екеуі дүйсенбіде тіркелген. Дүйсенбіде Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Хун Лэй Далай Ламаны "Тибеттің тәуелсіздік алуы жоспарын жүзеге асыру үшін тибеттіктерді өз-өздерін өртеуге айдап салып отыр" деп айыптаған.

Үндістанда орналасқан Тибеттің қуғындағы үкіметі 2009 жылдан бері соңғы сегіз адамды қоспағанда Қытай билігіне наразылық танытқан 69 адам өз-өзін өртегенін, оның 54-і қаза тапқанын мәлімдеген.