"Газпром Нефть" Қазақстанда ЖҚС санын арттырмақ

Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. Алматы, 26 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресейлік ірі мұнай компанияларының бірі - "Газпром Нефть" Қазақстанда өзінің жанармай құю станциялары (ЖҚС) желісін кеңейту үшін 250 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.

"Газпром Нефть-Қазақстанның" бас директоры Аймен Касеновтың айтуынша, 2017 жылға дейін бұл мақсатқа 170 миллион АҚШ доллары жұмсалатын болады. Ал 2020 жылға қарай 110-ға тарта жанармай құю станциясы салынбақ.

"Газпром Нефть-Қазақстан" 2007 жылы "Газпром Нефть" және қазақстандық ARNA Petroleum компанияларының бірлесуімен құрылған. Бұдан екі жыл бұрын компания Алматы, Астана, Талдықорған, Тараз және Шымкентте 20 жанармай құю станциясы мен 9 жер телімін иеленген еді.