Алматы қалалық әкімшілік соты «Guljan.org» сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде (16 200 теңге) айыппұл салды.
Бұған дейін «Әділ сөз» қоры "Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаровтың әйелі Салтанат Ахаеваның арызы бойынша шыққан шешімді орындамағаны» үшін полицейлердің Гүлжан Ерғалиеваны сотқа күштеп апармақ болғанын жазған.
Ал Гүлжан Ерғалиеваның өзі сотқа шақырту қағазын алмағанын айтқан. «Әділ сөздің» жазуынша, сот орындаушылар мен полицейлерде күштеп жеткізуге құқық беретін ешқандай құжаттар болмаған.
2011 жылы Медеу аудандық соты guljan.org-та жарияланған мақаланы терістеп, моральдық залал ретінде 5 миллион теңге айыппұл төлеу туралы Аханованың арызын қанағаттандырған еді.
Редакцияның айтуынша, сот шешімі порталда жарияланған. Олар осылайша ақпаратты терістегенін айтқан. Ал сот шешімінің қаржылық бөлігіне орай Ерғалиева Медеу аудандық сотына өтініш беріп, ақша аударатын реквизиттерді сұраған. Соттан жауап болмағасын ақшаны аудармаған.