«Нұр-Мүбәрак» университетінің аты «Нұр» боп өзгерді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Египеттің сол кездегі президенті Хосни Мүбәрак. Каир, 12 наурыз 2007 жыл.

Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» университетінің атауынан «Мүбәрак» сөзі алынып тасталды.

Дін істері агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігінің хабарлауынша, енді университет қазақ-египеттік «Нұр» ислам университеті деп аталады.
 
Өткен жылы Қазақстанның мұсылман одағы араб елдерінде болып жатқан саяси жағдайға байланысты университет атауынан Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәрактың атын алып тастауды ұсынған еді.

Агенттіктің жазуынша, мұндай өтінішті Египет жағы да жасаған.
 
Қазақстан және Египет президенттерінің құрметіне орай аталған «Нұр-Мүбәрак» университеті  2001 жылы құрылған.